Жарнама
Құқық

Атырауда қайғылы жол апаты орын алды

Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болды, – деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Оқиға 15 маусым күні сағат 06:30 шамасында Атырау-Доссор тас жолының 494-ші разъезд тұсында КамАЗ, ПАЗ 32053 және Daewoo Nexia көліктерінің қатысуымен орын алды. Өкінішке орай жол апатының салдарынан Өзбекстан елінде тіркеуде тұрған Daewoo Nexia автокөлігінің 1973 жылы туған жолаушысы, Өзбекстан елінің азаматы оқиға орнында қаза тапты. Қазір полиция тарапынан тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы оқиғаға байланысты құзырлы орган өкілдері жолда барлық қауіпсіздік ережелерін сақтап, жүргізушілердің абай болуы қажеттігін тағы да қатаң түрде ескертеді.

Өз тілшіміз

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button