Құқық
Атырауда полицейлер сотталды
Атырауда әйелдің арызын елемеген учаскелік полицейлер сотталды.
Сондай-ақ, құқықбұзушылықты жасырды деген күдікке ілінген жедел уәкіл және тергеуші де сотталды, деп хабарлады № 2 қалалық соттың баспасөз қызметі.
Жәбірленуші Д. полицияға танысы У. ұрлап кетіп, зорлап, кейін үйіне заңсыз кіргені туралы арыз бергені анықталды. Бірақ, учаскелік полиция инспекторлары А. Мен К. жәбірленушінің арызын қарамай, осы жасырып, К. өз жұмысын жеңілдету үшін жалған хаттама толтырып жібереді.
Кейін жәбірленуші Д. жедел уәкіл Т. мен тергеуші Л.-дан көмек сұрағанда, ешқандай шара қолданбай, қылмысты тіркеуден қасақана жасырып қалады. Салдарынан У. тағы да жәбірленуші Д.-ның өміріне зиян келтірді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Фото: ашық дереккөз