Атырауда полицейлер пәтерлерді аралап жүр…

1 870x400 1 Құқық

Атыраулық полицейлер «Қорғау нұсқамасы» санатымен алынған тұлғалардың мекен-жайларын тексерді.

Атырау қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлескен түрде жұмыстар атқаруда. Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңының 20-бабына сәйкес, Басқарманың тізімдік есебіне «Қорғау нұсқамасы» санатымен алынған тұлғалардың мекен-жайлары тексерілді. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтардың алдын-алу мақсатында, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, құқықтық көмектер көрсетілді.

Жыл басынан учаскелік полиция қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 73- бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) 460 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 620 тұлғаға қорғау нұсқамасы шығарылған. Аталған жұмыстарды атқару барысында қорғау нұсқамасын бұзған 40 астам  құқық бұзушыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 461-бабы (Қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама рәсімделіп, жинақталған құжаттар Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды.

Егер Сіз, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері  болсаңыз, төменде көрсетілген нөмірлер арқылы құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен кеңес ала аласыз:
☎️102
📱 +7 (778) 932-93-92
📱+7 (702) 235-19-98
Сенім телефоны: 98-35-32

Алдағы уақытта да, тұрмыстық зорлық-зомбылықтардың алдын-алу бағытындағы бірлескен жұмыстар өз жалғасын табады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз