Құқық
Атырауда полицейлер арасында спартакиада өтуде
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері арасында спартакиада басталды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникаицялар қызметі.
Турнирге облыстық, қалалық және аудандық полиция бөліністерінің қызметкерлері қатысып, 11 команда өзара спорттың 3 түрінен бақ сынасуда.
Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Көшқалиев қызметкерлерді атаулы мерекемен құттықтап,
2021 жылдың қорытындысымен ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген қызметкерлерді марапаттады.
- Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, департамент қызметкерлерін толығымен қамтып, арқан тартыс, волейбол және футбол ойыны бойынша спартакиада өтуде. Сайыс қорытындысымен үздік шыққан командалар марапатталады. Мақсат — командалық рухты көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау, — деді Болат Көшқалиев.
Спартакиада ойындары кешке дейін жалғасады. Жеңімпаздар Алғыс хаттар, кубоктармен марапатталады.