Атырауда онға жуық жасөспірім камераға түсіп қалды
Белгіленбеген жерлерде суға түсіп жүрген 10-ға жуық жасөспірім бейнекамералар арқылы анықталды.
Жаз мезгілі келгенде тұрғындар мен қала қонақтары ыстықтан қорғану үшін өзен-көлдердің жағасында суға шомылады. Алайда, суға түсу маусым басталмастан бұрын қауіпсіздік ережелерін сақтамай, белгіленбеген жерде суға түсетіндер көп. Оның ішінде жазғы демалыста жүрген жасөспірімдер де бар.
Мәселен, 27 мамыр күні Атырау қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері бір күннің ішінде белгіленбеген жерлерде суға түсіп жүрген 10-ға жуық жасөспірімді анықтаған. Олардың барлығының ата-анасы ҚР ӘҚБтК-нің 364 бабының 1 бөлімімен (тыйым салынған жерлерде шомылу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
-Көбінесе жасөспірім балалар ата-аналарының қарауынсыз, суға түсуге барады. Біз балалардың өмірі үшін алаңдаймыз. Сол себептен ата-аналардан балаларды қараусыз суға жібермеуді сұраймыз дейді,-Атырау қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығының бастығы полиция подполковнигі Асқар Атамкулов.