Құқық
АТЫРАУДА МОТОЦИКЛ МЕН АВТОКӨЛІК СОҚТЫҒЫСЫП, БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ…
Атырау облысы полиция департаменті хабарлайды…
14 шілде күні сағат 20:50 шамасында Атырау қаласы, Владимирский көшесінде Toyota Camry көлігі солға бұрылыс маневрын жасап жатқан кезде қарама-қарсы келе жатқан Honda мотоцикліне жол бермей соқтығысқан. Соққы екпінімен мотоцикл қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-2114 көлігіне соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан мотокөліктің 1989ж.т., жүргізушісі жедел-жәрдем арқылы облыстық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде қаза тапты. Тергеу жүргізілуде.