КЕЛІСІМ-ШАРТ БҰЗЫЛДЫ

Мектеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтің сапасы қандай? Оларды таңдауда заңдылық сақталды ма? Жуырда Құрманғазы аудандық прокуратурасы жергілікті 20 білім беру ұйымының құжаттарына тереңірек үңіліп, осы сұрақтарға жауап іздеді.

 

Байырқап көрсе, жұмыс жүргізуде заңсыздық жиі кездеседі екен. Мәселен, прокурорлар өнім тапсырушы мен өнімді алушының арасындағы келісім-шарттардың бәсекелестер қатыстырылмай-ақ жасалатынын анықтаған. Ал, бұл дегеніңіз, заңның аяқасты қалуы еді.

Аталған дерек бойынша аудандық прокуратура наразылық келтірген. Соның нәтижесінде бүгінде жалпы құны 92,1 млн. теңгенің 18 келісімі бұзылып отыр. Ол оқушыларды ыстық тағаммен қамтамасыз ету мақсатында жасалған болатын. «Бүгінде Құрманғазы ауданы әкімінің атына заң бұзушылықтарды жою және кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізілді» делінген облыстық прокуратураның бізге берген баспасөз ақпаратында.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз