Атырауда монополистік ұйымның жолы кесілді

1d9ed0125af8fa44c48cd4f572cf3f6a Құқық

Қаржы мониторингі агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС басшылығына қатысты ҚР ҚК 221-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

2017-2021 жылдар аралығында «СМГСП» басшылығы сұйытылған мұнай газын қайталама көтерме саудада өткізу нарығындағы үстемдігін пайдалана отырып, сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және құю қызметтеріне монополиялық жоғары баға белгілеп, бекіткен. «СМГСП» ЖШС заңсыз тапқан сомасы 2 081 659 968 теңгені құрап, ол толық көлемде қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге деректер жарияланбайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз