Жарнама
ҚұқықЖаңалықтарҚоғам

Атырауда мониторингтік топтар 48 млн теңге айыппұл салған

Жыл басынан бері Атырау облысында карантиндік шектеулерді бұзудың 500-ге жуық фактісі тіркелген, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. Қазіргі кезде өңір «қызыл» аймақта тұр. Эпидахуалдың нашарлауына байланысты мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілген.

Мониторингтік топтар жалпы саны 10 мыңға жуық рейдтік шара ұйымдастырып, 42 542 нысанды тексерген. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 48 млн теңгеден асып кеткен. Оның ішінде, 1-12 шілде аралығында 344 тексеру шарасы өткізіліп, 1 190 нысан бақылауға алынған. Оның ішінде 20 нысан карантиндік шектеу шараларын бұзған. Заңбұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, 2 млн 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Атырау қаласының кәсіпкерлік бөлімі басшысы Руслан Давлетовтың, тексеріс кезінде мониторингтік топтар бірақатар қиындықтарға тап болғанын айтады.

  • Атырау қаласының өзінде 13 мониторингтік топ бар. Жұмыс күндері күндізгі уақытта қаланы аралауға бір топ шығатын болса, демалыс күндері үш топ нысандарға тексеріс жүргізеді. Мобильдік топтардың нысан ішіне кіруіне кедергілер туындайтын кездер де болады. Өйткені нысан иелері есікті ішінен құлыптап, жұмыс жасай береді. Осындай себептерге байланысты ұзақ уақыт бойы нысанның ішіне кіріп, тексеріс жүргізе алмайды. Көп жағдайда мейрамхана қожайындарымен, салтанатты шара иелерімен түсініспеушіліктер мен кикілжіңдер орын алып жатады. Дегенмен, біз профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тырысамыз, ал жинақталған материалды әрі қарай шара қолдануы үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолдаймыз, – дейді Руслан Давлетов.

Оның айуынша, «Флория» диско-клубы, «Vivaldi» ресто-бары, «SKY BAR» караоке-бары, «End Ne Stimz» лаундж-бары, «Рыба моей мечты» караоке-бары және «URBAN» лофт-бары шектеулерді жиі бұзатын нысандар қатарында екен.

Айта кетейік, эпидемиологиялық ахуал бойынша Атырау «қызыл» аймақта болғандықтан, карантиндік шектеулердің бұзылуын алдын алу мониторингтік топтарының жұмысы күшейтілген режимге көшкен.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button