Жарнама
Құқық

Атырауда мереке күні қызмет ететін полицейлерді Департамент бастығы құттықтады

Бүгін Атырау облысы Полиция
департаментінің бастығы полиция полковнигі
Қамза Үмбетқалиев гарнизондық тарату
кезінде жеке құрамды жаңа жылмен құттықтап, мереке күндері қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.


Сондай-ақ, мереке күні қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет ететін тәртіп сақшыларын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Атырау қаласындағы Жедел басқару орталығының қызметкерлеріне, модульдік стационарлық бекеттер мен учаскелік полиция пунктеріне арнайы барып, жұмыс барысымен танысты.

  • Жаңа жыл мерекесінде қала көшелері мен алаңдарда тұрғындар көптеп жиналады. Басты назар қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жауапкершілікпен атқару. Құқықбұзушылықтар орын алған жағдайда жедел ден қоюды ұйымдастыру қажет. Тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймын, қызметтеріңізге сәттілік! — деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
6c1be9f5 1e02 4774 8b19 4f8a39693f9d
41270780 47b0 4538 acbb 43d8c0d1d77d
a7982aee 2159 49de 893a c2aa858d92c9

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button