Жарнама
Құқық

Атырауда «Мал ұрысы» жедел іс-шарасы басталды

Қараша айының 18-20-сы аралығында республика көлемінде мал ұрлығын алдын алу, қылмыстарды ашу және кінәлілерді жауапкершілікке тартуға бағытталған «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде мал ұрлығының басты себептерінің бірі – ауыл шаруашылығы жануарларының қараусыз, ұйымдастырылмаған жайылымда ұзақ уақыт бойы жүруі. Бұл мәселе қылмыскерлердің әрекетіне қолайлы жағдай тудырады.

Облыста жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты 27 қылмыс ашылып, еркін жайылымнан жоғалған 70-тен астам мал иелеріне қайтарылды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз жаю қағидаларын бұзғаны үшін 418 әкімшілік хаттама толтырылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button