Атырауда мал базарлары мен ет өнімін сататын нүктелер тексерілуде
Облыс полицейлері заң бұзушылықтарды алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мал базарларында ауқымды тексеруді бастады. Рейд барысында жануарларға арналған құжаттар, санитарлық нормалардың сақталуы, сауда ережелері мен малды ұстау шарттары тексерілуде. Мұндай шаралар мал ұрлығы фактілерінің алдын алуға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің заңсыз айналымын жоюға бағытталған.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, жыл басынан бері полицейлер мал мен ет өнімдерін тасымалдау және өткізу қағидаларын бұзған 89 адамды жауапқа тартқан. Ал, мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін 418 мал иесіне тиісті шара қабылданды.
Құқық қорғау органдары тұрғындарды мұқият болуға және күдікті әрекеттер туралы полицияға хабарлауға шақырады.