Жарнама
ҚұқықФОТОГАЛЕРЕЯ

АТЫРАУДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ (+фото)

Атырауда ҚР Конституция күніне орай Махамбет Өтемісұлы атынданы академиялық театрында облыс әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен  салтанатты шара өтті.

Жиында аймақ басшысы құттықтау лебізін білдіріп, өңірде атқарылып жатқан ауқымды істер туралы айтты. Сонымен қатар, ел дамуына үлес қосып, аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға ыстық ықылас танытып, алғыс хаттар мен мерекелік төсбелгілерін табыстады.

– Құрметті шара қатысушылары, сіздерді еліміздің ең басты мерекелерінің бірі – Конституция күнімен құттықтаймын. Ата заңымыз тәуелсіздігіміздің айрықша жарқын көрінісі. Ата-бабаларымыз ақиқат туын ұстанып, әділдікті орнатуды мақсат тұтты. Мұны тарих беттерінен де көреміз. Төле би, Қазыбек, Әйтеке билердің қара қылды қақ жарған шешімдерімен бірге Әз Тәукенің жеті жарғысы, Қасым ханның қасқа жолы, сан ғасырлар бойы ұлы даланы мекендеген халқымыз үшін шамшырақ іспеттес болып, ел арасындағы тұрақтылық пен дамудың кепілі болды. 1995 жылы қабылданған қазіргі қолданыстағы Конституциямыздың басты байлығы – халық, мақсаты – халықтың бақытты өмір сүруіне кепіл болу. Осы жылдар ішінде қабылданған заңдардың аясында елімізде өркенді істердің орындалғанына куәміз. Биыл демократиялық қадамдардың орнауына бағытталған өзгерістер орын алды. 5 маусымда баршамыз референдумға қатысып, таңдауымызды жасадық. Осы өзгерістер арқылы қоғамның талап-тілектеріне жауап беретін биліктің жаңа моделін құруды көздейді. Ата заңымызда көрсетілген нормаларды сақтай отырып, еліміздің дамуына үлес қосайық, – деді облыс әкімі.

Мерекелік шара аясында Н.Жантөрин атындағы облыстық филормонияның  «Нарын» оркестрі мен өнер иелерінің концертіне ұласты.

 Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Фото: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button