Атырауда «көлік сатушы» алаяқ ұсталды

220525225143410e Құқық

Аты рау тұрғыны бірнеше қымбат көлікті жалға алып, кейін сатып жіберген.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, осы дерекке байланысты 29 жастағы жігіт ұсталған.

«Атырау қаласында тұратын 1993 жылы туған азамат 2020 жылдың қаңтарынан бері бірнеше адамнан келісімшарт негізінде автокөліктерді арендаға алған. Кейін жалға алған қымбат автокөліктерді сатып жіберген. Қазір 29 жастағы жігіт алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Аталған дерекке қатысты Атырау қалалық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, күдіктіге қатысты 13 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бастапқыда жәбірленушілердің 13 көлігі табылған. Полиция қызметкерлері кейін тағы екі көлікті анықтай алды.

«Қазір күдікті С.М.-нің іс-әрекетінен зардап шеккен адамдарды іздестіріп жатырмыз. Жәбірленушілерден Атырау облыстық Полиция департаментінің тергеу басқармасына немесе 102 телефонына хабарласуды сұраймыз», – деді ведомстводан.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз