Атырауда көлік басқару куәлігін заңсыз таратқан

news full1611557892a038e3a94829f84619a0e3b3e08a49f4 Құқық

Атырау қаласының прокуратурасы уәкілетті органмен көлік басқару куәліктерін табыстау заңдылығына жүргізген талдаумен сот үкімімен көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылған тұлғаларға  жүргізуші куәлігі табысталғанын анықтады.

Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллиннің айтуынша, аталған талдау жолда құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүргізілді.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, Алматы қаласының Әкімшілік полиция басқармасы арқылы сот үкімімен көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылған Атырау қаласының тұрғыны заңсыз көлік басқару куәлігін алу фактісі де орын алғаны анықталды.

Жинақталған іс-құжаттар процестік шешім қабылдау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне жолданды.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз