Атырауда көктайғақ салдарынан жол апаты орын алды
16 қараша күні сағат 11:00 шамасында Атырау-Доссор тас жолындағы дәмхана тұсында “Toyota Hilux” көлік құралы басқару жүйесін игере алмай мұзға тайып, жол жиегінде тұрған маркасы “Lada Priora” автокөлігіне соқтығысқан. Жол-көлік апаты салдарынан “Lada Priora”көлігінiң жолаушысы жарақат алып, Атырау облыстық ауруханаға жеткізілген.
Осы орайда, Атырау қаласы Полиция басқармасы ауа-райының күрт өзгеріп, ауа температурасының төмендеуіне байланысты ескертеді:Бұл жағдайда қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін негізгі қағидаларды сақтауды ұмытпаңыз. Сондықтан автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге сақ болып, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.
Күзгі-қысқы кезеңнің басталуымен ауа райының, яғни метеорологиялық жағдайдың өзгеруі көлік жүргізуге әлдеқайда қауіпті болады, жылдың осы уақытында өте мұқият болу керек екендігін ескерткіміз келеді. Жылдамдық режимін сақтау, сондай-ақ автомобильдер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты, яғни дистанция сақтау және қысқы дөңгелектермен жабдықталу маңызды, бұл жолдағы күтпеген апаттың алдын алуға бірден-бір себепші болады.
Атырау қаласы Полиция басқармасы тас жолдардағы қауіпсіздік үшін ауа райын ескере отырып, қажет болған жағдайда ұзақ сапарларды алдын ала жоспарлауға шақырады.