Жарнама
Құқық

Атырауда көктайғақ салдарынан Toyota Hilux автокөлігі жол жиегіндегі электр бағанасына соқтығысқан

Қар түсіп, тайғақ басталғалы Атырауда патрульдік полиция батальонының жұмыс жүктемесі арта түсуде. Өйткені, автокөліктердің жолдан тайып кетуі жиілеп, апатты жағдайлар жиілеуде.

Мәселен, 27 желтоқсан күні сағат 08:00 шамасында Атырау-Доссор тас жолының 594 шақырым тұсында қала бағытынан келе жатқан
Volkswagen Polo маркалы автокөлігі тайып кетіп, алдында келе жатқан маркасы Toyota Hilux маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Соққы екпінімен
Toyota Hilux автокөлігі жол жиегіндегі электр бағанасына соқтығысқан.

Одан басқа, 27 желтоқсан күні сағат 08:20 шамасында
Opel Zafira маркалы автокөлігі Атырау-Орал тас жолы, Алмалы тұсында метеорологиялық жағдайды ескермей, басқару жүйесін игере алмай жол жиегінде тұрған электр бағанасына соқтығысқан.

Қыс айларында қолайсыз ауа райы салдарынан қыс бойы жолда жүру қауіптілігі артатыны анық. Сондықтан патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерге дер кезінде қыстық дөңгелектерін салып, сақтық шараларын жіті сақтауды ескертеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button