Жарнама
Құқық

Атырауда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтпек

16 қыркүйек күні сағат 16:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.

Акцияның мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң жөнінен көмек көрсету. Оған белгілі заңгерлермен қатар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция, әділет қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімі, мемлекеттік органдардың басшылары және т.б. мамандар қатысады. Акцияны Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ZAKON.KZ желілік басылымы және «Параграф» ақпараттық жүйесі ұйымдастырып отыр. Осы жылдар ішінде «Халық заңгері» акциясының қажет екені байқалып, дәстүрлі түрде өткізіле бастады. 2016-2019 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзіретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 100 000-нан астам адам кеңес алды.

Карантиндік шектеулер енгізілген кезеңде «Халық заңгері» акциясын өткізу тоқтатылды. 2022 жылы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың қалыпқа келуіне байланысты бұл әлеуметтік маңызы бар іс-шара қайта жандана бастады. 16 қыркүйек күні сағат 16:00-де Қазақстанның барлық қалаларында — Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Петропавл, Орал, Қызылорда, Көкшетау, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Тараз, Қостанай, Павлодар, Балқаш, Семей, Қонаевта «Халық заңгері» атты жалпыреспубликалық акция басталды. Атырау қаласында мекенжайы бойынша Құлманов көшесі, 111 А, «Baizaar» сауда орталығында өтеді. Кіруі тегін.

2022 09 05 aktsiya

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button