Жарнама
Құқық

Атырауда ескерткіш тақта орнатылды

ТЫЛ ЖӘНЕ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРІ, МИЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ СӘЛІМ ИМАНҒАЛИЕВ ТҰРҒАН АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МАХАМБЕТ КӨШЕСІНДЕГІ №114 ҮЙДІҢ ҚАБЫРҒАСЫНА МЕМОРИАЛДЫ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ.

Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына оның ұрпақтары мен әріптестері, аймақ ардагерлері қатысты. Олар оның іскерлік және адамгершілік қасиеттерін, ел үшін аянбай еткен еңбегін еске алды.

– Ардагеріміздің өнегелі өмірі, еңбек жолы полиция қызметкерлеріне үлгі болып, оларды отансүйгіштікке, елге адал қызмет етуге тәрбиелейді деген сенімім мол. Ол көп жылдар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың тыныштығын қорғады. Өнегелі отбасын құрып, үлгілі ұл[1]қыз тәрбиелеп өсірді. Артында өшпес із қалдырды. Сондықтан аға ұрпақтың қоғам үшін төккен маңдай тері мен жасампаз еңбектері, ерен ерліктері есте қалуы тиіс, — деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Жәмиға Таңатарова.

Сәлім Иманғалиев 1916 жылы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1944 жылы Мақат аудандық милиция бөлімінің жедел уәкілі лауазымынан бастап, Мақат, Есбол, Жылыой аудандық милиция бөлімдерінің, облыстық күзет бөлімінің бастығы лауазымдарына дейін көтеріліп, жауапкершілігі жоғары лауазымдарда абыроймен қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысынан кейінгі облысымыздағы милицияның қалыптасуына және қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмысқа қарсы күресте зор үлесін қосты. Ішкі істер органдарында үздіксіз 30 жылдан аса қызмет атқарған болатын.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button