Құқық

Атырауда есірткі таратумен айналысқан екі күдікті ұсталды

Атырау қаласында есірткі таратуға қатысы бар екі күдікті қылмыс үстінде қолға түсті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кинология орталығымен бірлесіп жүргізген «Қарасора» жедел іздестіру шараларының барысында 38 жастағы ер адам мен 28 жастағы әйел ұсталды. Олардың жеке заттарын тінту кезінде зип-пакеттерге салынған синтетикалық есірткінің 81 орамы тәркіленді.

Сонымен қатар, күдіктілер жалға алған пәтер мен қала көшелерінде жасырылған шамамен 100 граммға жуық синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді.

-Қазір ұсталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды, — дейді департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулет.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button