Жарнама
Құқық

Атырауда есірткі сақтаған ағалы-інілі күдіктілер ұсталды

Атырауда есірткі қылмысымен айналысқан жалдамалы пәтер тұрғындары анықталды. Пәтер иесі полиция көмегіне жүгініп, жалға алушылардың пәтерақыны төлемей және пәтер есігін ашпай жатқанын хабарлаған. Мән-жайды анықтау үшін келген учаскелік полиция инспекторлары күдікті әрекеттерді байқаған. Пәтердегі екі ер адамның бірі керуетке зат жасырып, екіншісі терезеден зат лақтырып күдік тудырған.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, тексеру нәтижесінде кереует астынан 4 зип-пакетке оралған синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді. Жедел-тергеу тобы мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері шақырылып, терезеден лақтырылған киім қалтасынан тағы бір зип-пакетке оралған синтетикалық есірткі тәркіленді.

–Күдіктілердің 25 және 19 жастағы ағалы-інілілер екені анықталды. Қазір олардың есірткіні қайдан алғаны және оны кейін қайда таратпақ болғаны тексерілуде. Оларға қатысты қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу жұмыстары басталды, — дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулет.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button