Жарнама
Құқық

Атырауда ерінен қысым көріп жүрген әйелдер қатары көбейген

Жаға ұстатар жайтты брифинг барысында Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспектор-комиссия хатшысы Замзагүл Жалмурзина айтты, деп хабарлайды atr.kz Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Отбасындағы зорлық-зомбылық о бастағы ата-ана тәрбиесіне тікелей байланысты, — дейді спикер. – Қазір​ облыс әкіміне келіп түсетін отбасылық арыздар көбейді. Әсіресе, жұбайынан қысым көретін әйелдер көп арызданады. Атырауда әйеліне қол көтеріп, күш көрсететін, ауыр сөздер айтып, балағаттайтын азаматтар азаймай тұр. Солардың бірі жақында әйелін бесіктің ағашымен әбден​ сынғанша сабаған. Осы орайда, әйел ердің жеке меншігі емес, екеуінің де заң алдындағы құқығы тең екенін қоғамға жеткізуіміз қажет. Бұл үшін учаскелік полицейлердің жұмысын күшейту керек».

Тағы бір атап өтерлігі, отбасында зорлық-зомбылық көрген әйелдерге арнап Атырауда дағдарыс орталығы ашылған. Онда балаларымен бірге келуші жас аналар қатары көбеймесе азаяр емес. Мамандар ерлі-зайыптыларды ажырастырмай, татуластыруға тырысатындарын айтады.

Сондай-ақ, қазір азаматтық некелер де​ артып отыр. Ал, елімізде тек заңды неке ғана қарастырылғанын қаперге бергіміз келеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button