АТЫРАУДА ЕРЕЖЕГЕ БАҒЫНБАҒАН АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ КАМЕРАҒА ТҮСІП ҚАЛДЫ

img 20220527 wa0017 Құқық

Қоғамдық көлік жүргізушісі 6 айға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.

25 мамыр күні сағат 20:01 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Авангард мөлтек ауданының соңғы аялдамасының тұсынан үздік ақ жолақты басып, қарсы бағытқа шыққан “Ютонг» маркалы қоғамдық көлікті анықтады.

Аталған көліктің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабының 3 бөлімімен (жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту, егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына , оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды. Енді көлік жүргізушісі алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз