Атыраулық жүргізушіге миллион теңгеден астам айыппұл салынған

photo 228768 Құқық

25 сәуір күні Атырау қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері “Interceptor” іздеу жүйесі арқылы Махамбет көшесі бойынан 1 200 075 теңге төленбеген 51 айыппұлы бар ресейлік тіркеудегі “Chirman” маркалы автокөлігін анықтады.

Құрманғазы көшесі бойынан тоқтатылған көлікті тексеру кезінде жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпағандығы, міндетті сақтандыру шартын жасамағандығы белгілі болды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 230 бабының 2 бөлімімен  (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы) және ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабының 2 бөлімімен (Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау) әкімшілік хаттамалар жасақталды. Нәтижесінде, 45 945 теңге айыппұл салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

«Облыстық ПД баспасөз қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз