
Құқық
Атырауда ер адам бүлдіршін қызды зорлауға әрекеттенген
Оқиға 2 наурыз күні қала маңында орын алған.
«Рricom.kz» сайты хабарлағандай, 30 жастағы ер адам 9 жастағы бүлдіршінді зорлауға әрекеттенгені анықталған. Бірақ, әзірге белгісіз себептермен үркіп кеткен ол арам ойын жүзеге асыра алмаған. Бұл туралы толығырақ алдағы уақытта облыстық полиция депаратменті хабарлайтын болады.