Жарнама
Құқық

Атырауда бір күнде 1000-ға жуық құқық бұзушылық анықталды

Кеше, 19 тамыздан бастап Атырау облысы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, ережелерді өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы қолға алынды. Іс-шараның 1 күнінде 940 құқық бұзушылық анықталып, 16 автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде еліміздің мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу бойынша – 14, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн, белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқарудың – 11, тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқарудың 4 дерегі тіркелген.

Сонымен қатар мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқарудың – 20, көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдаланудың 13 дерегі бар. Ал ең көп тіркелген құқық бұзушылық – белгiленген жүру жылдамдығын арттыру бойынша 650 бұзушылық анықталып отыр.

Бұдан да басқа тіркелген деректерді жариялаған атыраулық полицейлер көлік тізгіндеушілеріне жол ережесін қатаң сақтау керектігін ескертеді.

Айта кету керек, жол қауіпсіздігін бақылауға арналған іс-шара 26 тамызға дейін жалғасады.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button