Атырауда бала тәрбиелеуде міндеттерін орындамаған 100-ден астам ата-ана жауапкершілікке тартылды

6d4370c2 20fa 443c aee1 3b733a004afb Құқық

Осы аптада №21 учаскелік полиция пунктінің учаскелік және ювеналды полиция инспекторлары өз аумақтарында тұратын “Жайсыз отбасы” есебіндегі отбасыларды тексеру барысында, 1966 ж.т, азаматтың кәмелетке толмаған баласының көзінше ішімдік ішіп отырғандығын анықтады.

Аталған отбасының тәрбиесінде 14 жастағы қыздары бар. Медициналық сараптаманың қорытындысымен 55 жастағы азаматтың орта дәрежелі мас күйде екендігі дәлелденді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жолданды.

c8848a85 d12d 4869 ac6f 704004de063d

Сонымен қатар, аталған отбасыға қатысты іс-құжаттар Атырау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолдау үшін жинақталуда.

Айта кетейік, жыл басынан бері ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамаған 100-ден астам ата-ана анықталып, олардың барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

77931ae4 faa5 413a 9502 ede4905c743b

Өз кезегінде,тәртіп сақшылары
қала тұрғындарынан қараусыз жүрген балалар немесе тұрғын-жайдан тыс жерде жүрген жасөспірімдерді көрген жағдайда төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуларын сұрайды.

102
Кезекші бөлім: 98-12-05
Сенім телефоны: 27-26-13

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз