Жарнама
Құқық

Атырауда аңшы пышағымен және тапаншамен жүргендер ұсталды

Атырауда ұсталғандардан 10-ға жуық аңшы пышағы, 2 тапанша және психотропты дәрі-дәрмектер алынды.

Атырау облысының коменданты – облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, суық қарумен жүргендер жексенбі, 9 қаңтарда ұсталды. «Төтенше жағдай талабына сәйкес блокбекеттен өтетін көліктер, жүргізушілер мен жолаушылар мұқият тексеріледі. Полиция қызметкерлері блокбекеттен өтпек болған көлікті тексеру кезінде 10-ға жуық аңшы пышағын, әсері жоғары психотропты дәрілерді тапты. Ал Атырау қаласының аумағында психотропты дәрі-дәрмектерді сатпақ болғандар ұсталды. Олардан 2 тапанша, 736 таблетка, 236 ампула түріндегі психотропты дәрі-дәрмектер тәркіленді», — деді Қ.Үмбетқалиев. Бұдан бұрын Атыраудағы жаппай тәртіпсіздіктен 49 полицей мен 27 сарбаз дене жарақатын алғанын хабарлаған едік.

ҚазАқпарат

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button