Жарнама
Құқық

Атырауда 70 келі бекіре балығы тәркіленді

«Бекіре-2024» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Атырау қаласы аумағында күдік тудырған Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында көліктен полиэтиленді пакеттерге салынған 70 келі бекіре балығы анықталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

2c166511 7e6b 4cad 8197 1e2fd2c1d388

Құзырлы орган өкілдерімен балықтың заңсыз тасымалданғаны анықталып, тәркіленді. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күзетпен ұстау шарасы қолданылды.

Айта кетейік, облыста «Бекіре-2024» операциясы басталғалы бері 900 келіден астам заңсыз балық өнімдері тәркіленген.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button