Жарнама
Құқық

Атырауда 20 жүргізушіге сот шешімі шықты

1 аптада мас күйде көлік басқарған 20 жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Ағымдағы жылдың 1-7 маусым күндері аралығында яғни, 1 апта ішінде Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған 20 жүргізушіні анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Мысалы, 3 маусым күні сағат 11:20 шамасында патрульдік полицейлер Қабдолов көшесі бойынан маркасы ВАЗ 2114 автокөлігін тоқтатып тексеру барысында жүргізушісі масаң күйге күдікті болып, медициналық сараптамаға жеткізілді. Сараптама қорытындысымен оның орта дәрежелі масаң күйде екендігі белгілі болды. Автокөлік арнаулы тұраққа қойылып, 1986 ж.т., жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімішілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button