Жарнама
Құқық

Атырау қаласында заманауи әскерге шақыру пункті ашылды

Енді азаматтарды әскерге шақыру осы пунктте жүзеге асырылады. Шақырту пунктінің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев қатысты.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жауынгерлік қабілеті жоғары қуатты армия ел қауіпсіздігінің маңызды әрі кепілді қорғаны екенін айтып, бұл ретте бірқатар тапсырма берді. Соның куәсі — бүгінгі шақыру пунктінің ашылуы. Сыни тұрғыда ойлай алатын, сын сағатта шешім қабылдай алатын, елім деген ұлтты тәрбиелеу басты мақсатымыз. Бұл облысымызда салынған алғашқы нысан емес. Қазіргі уақытта аудандардан да ашылып жатыр. Осындай пункт санын көбейту арқылы еліміздің қорғаныс қабілетін арттырып, әскеріміздің  бейбіт уақытта міндеттерін тиімді орындауына мүмкіндік береді, — деді Қ.Нұртаев.

Іс-шараға арнайы қатысқан ҚР Қорғаныс министірінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал лейтенант Султан Камалединов министрліктің атынан өңірдегі қорғаныс саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға қолдау білдіргені үшін жергілікті атқарушы органға ризашылығын білдірді.  

30352

Атырау қаласының қоғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының басшысы Құрманәлі Жүнісбеков пунтте жұмыс барысы толықтай цифрландырылғанын атап өтті. Яғни шақырылушылардың дерегін бір жерден қарау үшін «Damu» бағдарламасына қосылған арнайы компьютерлер орнатылды.

— Қазіргі таңда әскерге есепке тұру және әскери құжаттарды беру салалары цифрлық база арқылы жасалынады. Әскерге шақырылушыларды министрліктің базасы ішінде тексере аламыз. Сонымен қатар бұрынғыдай әскери билет және шақыру учаскесіне тіркелу куәліктері берілмейді. Ондай мәліметтердің барлығы қазір әрбір азаматтың жеке кабинетінде өздері көре алады,- деді Қ.Жүнісбеков.

Әскерге шақырту пунктінде мамандар бір күнде 50 адамды қабылдайды. Ғимараттың жалпы ауданы — 450 шаршы метр. Мұнда невропатолог, психиатр, физиатр, офтальмолог, терапевт, оториноларинголог және тіс дәрігеріне арналған бөлме, антропометрия кабинеті, шақыру комиссиясының, келісімшарттық мерзімді әскери қызметшілерді қабылдау бөлмелері мен акт залы бар. Барлық бөлме заманауи құрал-жабдықпен толық жарақталған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button