Құқық
Атырау көшелерінде нашақорлықтың алдын алу бойынша рейд өтеді
Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен қалалық басқарманың алаңында саптық жиын өтті, деп хабарлайды atr.kz
Жиынға Атырау қаласының полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әнуар Кокалов және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Жанболат Таумұрынов қатысып, учаскелік полиция инспекторлар мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне тұрғындар арасында нашақорлықтың және есірткі қылмыстарының алдын-алу бағытында қызмет атқарудың маңыздылығын түсіндірді.
Рейд кезінде көлік жүргіушілері мен тұрғындарға нашақорлықтың алдын алу бағытындағы арнайы жадынама парақтары таратылатын болады.
Айдарбек АҚАРЫС