Жарнама
Құқық

Атырау көлік прокуратурасы: Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің үш буынды моделі офлайн режимінде

Биылғы жылдан бастап еліміздің барлық тергеу органдары мен прокуратуралары қылмыстық іс бойынша негізгі шешімдерді электрондық келісуге көшті.

Бұл жұмыстың мәні тергеуші өзінің адамды күдікті деп тану туралы шешімін, сондай-ақ мерзімдерін үзу, істі тоқтату туралы шешімін, айыптау хаттамасы мен қаулыны сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде электрондық түрде қалыптасады.

Прокурор онлайн-режимде олардың заңдылығын тексереді. Егер бұзушылықтар болған жағдайда, осы электрондық форматта шаралар қабылдайды. Прокурордың келісуі мен бекітуінсіз жоғарыда көрсетілген процестік шешімдердің заңдық күші болмайды.

Бұл жүйенің басты артықшылығы оқиға орнындағы алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізу барысында, оқиға орнын қарап тексеру туралы, заттай дәлелдемелерді алу, куәгерлерден жауап алу туралы және т.б. хаттамалар процессуалдық құжаттар электронды түрде жасақталып офлайн режимінде қол қояды, бұл өз кезегінде іс жүргізу құжаттарын бұрмалау мүмкіндігін азайтады. 

Қазірігі уақыттыа Атырау станция Желелік полиция бөлімінің қызметкелері 100 пайызға толық материалдық, техникалық қамтамасыз етілген.  

 Бұл адамдарды қылмыстық процестің шеңберіне негізсіз тартуға және заңды ұстауға жол бермеуге мүмкіндік берді.

Қылмыстық процестің үш буынды моделін қолдану тәжірибесі көрсеткендей, сотқа дейінгі іс жүргізу органдары қызметінің тиімділігін жақсартты және өзінің тиімділігін көрсетті.

Атырау көлік прокуратурасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button