МҮМКІНДІКТІ ДҰРЫС ПАЙДАЛАНҒАН АБЗАЛ

parparara Жаңалықтар

      Atr.kz/24 қаңтар, 2020 жыл. Егер азаматтар алдын ала тиісті мамандардан кеңес алғанда, шетел көлігіне байланысты мұндай жағдай болмас па еді?!

      Бірақ, қуанышымызға қарай, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев алдағы 2021 жылдың 1 наурызына шейін сол мәселені тиянақты шешуге уақыт беріп отыр. Бұл – зор мүмкіндік. Меніңше, мұны көлік иелері тиімді пайдаланып, мәселені дұрыс шешулері керек. Бұйырса, алдағы жылғы наурыздан кейін елімізде «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмайтын» ахуал қалыптасуы қажет деп ойлаймын.

      Сол шетелдік көлік иелерінің ішінде несие мен қарызға батып отырған азаматтар да жоқ емес шығар. Қайткенде дұрыс болады: кері апарып өткізу ме, бөлшектеп сату ма, болмаса, көліктің тиісті салығын төлеп, өз иелігіне қалдыру ма – не дегенде де енді әркім өзінің жағдайына қарай әрекет етеді. Сіздерге сабыр, шыдам, дұрыс шешім тілеймін, қадірлі жерлестер!     

Нұрлы ӘЙТИЕВА,

Атырау облыстық мәслихатының депутаты,

Бизнес және құқық колледжінің директоры

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз