Әскери машинаны сатпақ болған атыраулық ұсталды
Атырауда 35 жастағы ер адам брондалған барлау-шолғыншы машинасын (БРДМ-2) сатуға тырысқан.
Бұл туралы 12 сәуір күні полицияға түскен жедел ақпаратты Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тексеріп шықты. Жедел-іздестіру барысында 1986 жылы туған азаматтан әскери машина тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 386-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ал күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Айта кетейік, Атырау облысы полиция департаменті атыс қаруларымен, оқ-дәрі және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын-алу үшін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 25 сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясын жүргізуде. Мемлекет, азаматтардың өз еріктерімен өткізген әрбір қарулар мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгілеген.
«102» телефонына немесе келесі мекен-жайларға хабарласуларыңызға болады:
Атырау облысы полиция департаменті (Нұрсая ықшам ауданы Әбілхайыр хан көшесі №55), тел: 98-20-33; 98-23-23; 98-21-55
Атырау қалалық полиция басқармасы (А.Молдағалиева көшесі №247), тел: 102, 98-23-14
Атырау қаласы №2 Қалалық полиция бөлімі, тел: 98-22-05 (Ш.Уәлиханов көшесі №25), тел: 98-33-63