Жарнама
Құқық

Әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлігі қандай?

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының “Батыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде қысқы оқу кезеңінің бақылау тексерісі басталды, — деп хабарлайды аталған қолбасшылықтың баспасөз қызметі.

0b90360a 3c89 413f 9817 538be46627a3

Тексеру барысында әскери қызметшілер атыс даярлығы, дене шынықтыру даярлығы, сондай-ақ мемлекеттік-құқықтық дайындық пәндері бойынша нормативтер тапсырып, білім деңгейін көрсетуде. Сонымен қатар жеке құрамның жауынгерлік әзірлігі мен бөлімшелердің үйлесімді іс-қимылдары бағалануда.

7ea18e87 0755 4edf 90e6 61f0e773e6f9

Бақылау тексеріс – әскери бөлімдердің қысқы кезеңдегі оқу-жауынгерлік даярлық бойынша жетістіктерін саралап, алдағы жазғы оқу кезеңіне нақты міндеттер қоюды көздейді.

Айта кетейік, бұл тексеріс “Батыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімде мамыр айының соңына дейін жалғасады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button