Жарнама
Құқық

Әскердің қуаты — тылдың тынысында

Бүгін, 28 тамыз — Қазақстан Қарулы Күштеріндегі тыл мамандарының кәсіби мерекесі. Бұл күн әскердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп, сарбаздың ас-ауқатынан бастап, киімі мен тұрмысына дейінгі барлық қажетін өтеп жүрген жандарға арналады. «Қарны тоқ сарбаздың қадамы нық» деген нақыл сөз осының дәлелі іспетті. Әскердің қуаты тылдың тынысында екені айқын.
Атырау гарнизонында да жылдар бойы осы жауапты міндетті адал атқарып жүрген мамандар бар. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегендей, алғы шептегі сарбаздың табысы арттағы тылдың берік тірегіне байланысты екені белгілі.

63c5cd3e b1c1 4cef b164 7ba74eb49438


«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Тылмен қамтамасыз ету басқармасы азық-түлік қызметінің бастығы, подполковник Нұрболат Жакеев әріптестерін мерекемен құттықтап, лебізін білдірді.

aabdb3b5 8fa2 46d1 9b70 b62752a745b5

–Әскерді жан-жақты қамтамасыз ету үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сарбаздың уақытылы ас ішіп, бойы жылы болып, тұрмысы жайлы болуы – біздің басты міндетіміз. Бұл әскери әзірліктің мызғымас кепілі. Барлық әріптестерімді кәсіби мерекемізбен құттықтаймын. Отан алдындағы қызметіміз абыройлы болсын, — деді Нұрболат Байболатұлы.

1d2a5cd0 8512 41f9 93c4 112ca0853ec5

Шынында да, сарбаздың рухы асқақ болуы үшін оның жағдайын жасап отырған тыл мамандарының еңбегі өлшеусіз. Олардың әр күні үздіксіз қайталанатын жауапты іске толы.
Бүгінгі атаулы күнде ел тыныштығын күзеткен сарбаздарға арқа сүйеп, бейбіт тіршіліктің берекесін сақтап жүрген тыл мамандарына айтар алғысымыз зор.

8d1b1f77 57b1 4e66 af2b a0e7625cc47e
978fb19a f69c 4700 8932 43d53d011aa2
bc5cfd8d 53fb 46ac 8707 e2a5597dfaba

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button