Жарнама
Құқық

Антикор төтенше жағдайға бөлінген бюджетті бақылайды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өңірде жарияланған төтенше жағдайға байланысты бөлінетін бюджетті бақылайтын болады. Бұл туралы аталған агенттіктің төрағасы Асхат Жұмағалидің төрағалығымен өткен жедел мәжілісте атап айтылды.

Жиын негізінен биылғы бірінші тоқсан жұмысын қорытындылау бағытында өтті. Осы ретте Асхат Жұмағалиұлы облыстарда су тасқынына қарсы іс-шараларға бөлінетін бюджетті мониторингілеу керектігін айтты. Оның сөзінше, қаражаттың мақсатты және тиімді бөлінуін қатаң бақылау міндеті бірінші орынға қойылған. Жемқорлық фактісін алдын алуға орталық және өңірлік бөлімшелерден тағайындалған басшылар мемлекеттік бюджетті жымқыруға, оны теріс падалануға және түрлі қулыққа жол бермеуді қолға алады.

Сондай-ақ тұрғындарға су тасқынынан келтірілген залалды өтеу негізінде алаяқтық пен бопсалау оқиғалары орын алса шағымдар тәуілік бойы қабылданатынын ескертті. Бұл үшін азаматтар Атырау облысы бойынша Атырау қаласы, Темірханов көшесі, 2а мекен-жайына немесе +7(7122) 71-75-11 байланыс нөмірі арқылы арыздана алады.
Малика ТӘКЕЖАНОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button