«АNTIKOR ORTALYGY» ғимаратында АШЫҚ ЕСІК КҮНІ өткізіледі.

img 20220409 002646 797 Құқық

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен                                           2022 жылдың 12 сәуірі сағат 15.00-17.00 аралығында «АNTIKOR ORTALYGY» ғимаратында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында АШЫҚ ЕСІК КҮНІ өткізіледі.

Егер, Сізге 

  • заңгер, 
  • адвокат, 
  • сот орындаушылары, 
  • нотариус, 
  • Атырау қалалық Жер қатынастары бөлімі, 
  • Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі,
  • Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі,
  • Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі мамандарынан құқықтық көмек керек болса, жоспарланған шараға шақырамыз!

Шара Атырау қаласы, М. Темірханов көшесі 2 а мекен жайы бойынша орналасқан «АNTIKOR ORTALYGY»-да өтеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз