Жарнама
Құқық

АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Рәсім мемлекеттік Туды көтеру, Әнұран шырқалудан басталды. Қызметкерлердің патриоттық сезімін көтеру мақсатында қолға алынған шара одан әрі 21 жас полицейдің ант қабылдау салтанатына жалғасты. Атырау облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі С.Молдашев құттықтау лебізін білдіріп, жас қызметкерлерді антқа адал болуға шақырды. Өз міндеттерін лайықты атқарып, қоғамдық тәртіпті сақтауда белсенді болу қажеттігі айтылды. Кез келген қылмыс түрімен күреске күш салуды тапсырды.

Басқарманың жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шудабаевтың сөзі де осы бағытта өрбіді. Өз кезегінде жас полицейлер өздеріне артылған сенімді абыроймен атқаратындарына сендірді.

 

Қ.ДҮЙСЕНБАЕВ,

Атырау облысы мамандандырылған күзет қызметі  басқармасы мемлекеттік мекемесінің кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы,

полиция капитаны.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button