Жарнама
Құқық

Анасы баласынан алимент өндірді

 Жуырда Махамбет аудандық соты ерекше іс қарады. Бұл жолы ана баласының үстінен өзін күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы арыз түсірген. Сотқа берген талап арызда мынадай жағдай баяндалыпты: жауапкердің жалғыз баласы болып келетінін, табыс тауып отырса да, үнемі табысын өзіне жұмсап, бірге тұруына байланысты көмек көрсетпейтінін, ұлына және өзіне алған қос несиені төлеп отырғанын, ақшасын жеткізе алмайтынын, өзінің көмекке мұқтаж екенін көрсетіп, ай сайын 60 мың теңге мөлшерінде өмір бойына алимент өндіруді сұраған.

 Алдын ала сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді. Келісім шарттары бойынша жауапкер ұлы талап қоюшы анасына ай сайын 40 мың теңгеден өмір бойына төлеуге міндеттенді. Сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітілді. Сот ұйғарымы бүгінде заңды күшіне еніп отыр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button