«SMART сот»: уақыт үнемдеудің тиімді тетігі

ФОТО СОТ Жаңалықтар

Өткен жылдан бастап сот істерін виртуалды қарау тәжірибеге енгізілген еді. Облыстың сот жүйесінде заман талабына сай цифрландыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді.

Сот әке мен бала

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиевтың айтуынша, «SMART сот» жобасы азаматтарға тиімді. Себебі, олар сотқа бармай-ақ, сот отырысынан хабардар болуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, сот отырысы нақты уақытында жүргізіледі.  Қатысушылар уақыты  мен болатын күні көрсетілген СМС-хабарлама алған соң, ұялы бейнеконференцияға қосылады. Аталған IT-технологияны енгізу мобильдік және сот төрелігінің ашықтығын арттырады. Сондай-ақ, сот төрелігін жүзеге асыруда кедергісіз қолжетімділікті қамтиды.

Бұл жобаны пайдалану үшін сот ісіне қатысушы тарап  мобильді телефонына «TrueConf» бағдарламасын (www.trueconf.kz сайты) орнатуы керек. Сөйтіп, нақты уақытта залда болмай-ақ, мәжіліске қатыса алады. Осындай жағдайлар сот ісінде жиі кездеседі. Былтыр 982 іс виртуалды режимде қаралған екен. Оған мысал ретінде облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Манат Комиршиновпен қаралған істі айтуға болады. Яғни, «С» ЖШС-нің «У» мекемесіне берешекті өндіру жөніндегі азаматтық ісі жауапкердің жеке шағымы негізінде виртуалды байланыс арқылы сот отырысы өтті. Судья мән-жайды зерделеп, заң талаптарына сәйкес онлайн-режимде қаулы шығарды.

«Сот отырысын цифрландыру – судьяларды қағазбастылықтан арылтып, сот процесіне смартфон, планшеттік компьютер, тіпті смарт сағат та бейнебайланыс құралы бола алады» – дейді Манат Комиршинов.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз