Құқық
АЛАЯҚ «ЕМШІНІҢ» АҚЫРЫ
Атырауға ат басын бұрған «емші» көмекшісімен бірге «кез келген аурудан емдеймін» деп заңсыз түрде адамдарға ем жүргізумен айналысқан. Өткізіп жатқан сеанстарының бірінде олар бір емделушінің ағасы қатты ауырып жатқанын, оның шетелде емделуге жиналып жатқаны туралы біледі. Емделушіге емдеу сеансына әкелген 333 мың теңгесін қайтарып берген «емші» одан 7 есе көп ақша әкелсе, ағасын аяғынан тік тұрғызатынын айтып сендіреді. Нәтижесінде, аңғал тұрғынның ақшасын иемденген соң олар қаладан тайып тұрады.
— Күдіктілердің кім екендіктері анықталды, олар Теміртау қаласының 25 және 27 жастағы тұрғындары — әйел адамдар болып шықты, — дейді Г.Мұхтарова.