Құқық
Әйел адамды өлтіруге оқталған күдікті ұсталды
Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде 33 жастағы әйел адамды өлтіруге оқталған 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 маусым күні орын алған оқиғаға байланысты күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестірудің кешенді шаралары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
-Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бұрын азаматтық некеде тұрғандығы анықталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, — делінген ресми хабарламада.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА