Атырауда құқық қорғау органдары әрекетке қабілетсіз тұлғаларды заңсыз жауапкершілікке тартқан

1 42 Жаңалықтар

Жуырда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Атырау облысы бойынша басқармасы адам құқығының қорғалуына байланысты талдау жүргізген болатын. Оның қорытындысымен облыс прокурорының атына ақпараттық хат жолданып, нәтижесінде үш наразылық енгізілді, заңсыз әкімшілік қаулылардың күші жойылды.

1

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 29-бабына сәйкес, құқыққа қарсы іс-әрекет жасаған кезде ақыл-есi дұрыс емес жағдайда болған жеке тұлға әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды. Алайда, соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған, яғни ақыл-есі дұрыс емес тұлғаны ішкі істер органдары (төрт адам), Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік балық шаруашылық инспекциясы (бір) заңсыз әкімшілік жауаптылыққа тартқандығы анықталды. Атап айтқанда, Атырау қалалық сотының 2015 жылдың 8 шілдесіндегі шешімімен 1975 жылы туған Б.М деген адам әрекетке қабілетсіз деп танылған (сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сай параноидная шизофрения).

Алайда, биылғы жылдың 12 шілдесі күні қалалық жергілікті полиция қызметінің инспекторы әрекетке қабілетсіз осы адамға ҚР ӘҚБтК-нің 441-інші бабының 1-інші бөлігімен 6807 теңге көлемінде айыппұл салған.

Жоғарыда аталған заң бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалар әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтыру және істі қарау барысында, Кодекстің талабына сәйкес, тұлғаның ақыл-есінің дұрыстығын тексеруге байланысты ешқандай шара қолданбаған. Соның салдарынан қоғамның осал топтары қатарына жататын ақыл-есі кем 5 адамның конституциялық құқығы бұзылып, шектелген. Қазіргі таңда олардың конституциялық құқығы қорғалды.

Диляра ЕРМЕКОВА

Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының бөлім прокуроры

Фото stavropolye.tv сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз