Адвокаттар да арнайы білім алуда
Қазақстанда 6,5 мың адвокаттың (шетелдік жоғары оқу орындарында білім алғандарды қоспағанда) арнайы адвокаттық мамандығы жоқ көрінеді. Осыған орай Атырау облысы Әділет департаментінің бастамасымен облыстық адвокаттар алқасы және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті бірлесе ынтымақты шешім қабылдады.
Былтыр аталған университеттің заң факультетінде «адвокатура және нотариаттық қызмет» магистратурасы, ал биыл «адвокаттық қызмет» бакалавриаты ашылып, жұмыс жасай бастады.
Айта кету керек, ҚР Ғылым және және жоғары білім министрлігінің мәліметіне сәйкес, 6ВО4205 «адвокаттық қызмет» (бакалавриат) және 7МО4212 «адвокатура және нотариаттық қызмет» (магистратура) мамандықтары бойынша білімді ел аумағында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ғана береді.
-Осы мамандықтарды жетілдіру және білікті мамандар даярлау үшін университеттің профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ облыстық адвокаттар алқасының мамандары білім береді. Жалпы білім алуда университетпен бар жағдай жасалған, — дейді Атырау облыстық әділет департаментінің басшысы Асулан Каримов.
Биылдың өзінде 6 адам магистратураға оқуға түсіп, келесі жылы дипломын алмақшы.
Сурет: egemen.kz