Жарнама
Құқық

«Әділдік жолы» әділдікті қалайды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев II Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде «Жастардың құқықтық сауатын арттыру аса маңызды. Сонда әркім өзінің құқығын қорғай біледі және өзгенің құқығын таптамайды» деп айтқан еді.
Осы орайда «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы бойынша филиал басшысы Дариға Ахметова өңірде атқарылған жұмыстарды баяндап, республикада «Заң үстемдігі» жобасының іске қосылғанын атап өтті.
– Бұл жоба мемлекет басшысы атап өткен «Адал азамат» тұжырымдамасын жүзеге асыру мен қоғамдағы заң және құқықтық тәртіп үстемдігін қалыптастырудағы нақты қадамдардың бірі болмақ. Айта кетейін, негізсіз баға көтеру, жойылған және түзетілген сатып алуларға қатысты «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігіне түскен өтініштерді қарау нәтижесінде 15 млрд. теңге бюджет қаражаты үнемделсе, 537 млн. заңсыз қаражат бюджетке қайтарылды. «Әділдік жолының» өтініштері бойынша 80 қылмыстық іс қозғалды, — деп баяндады Д.Ахметова.
Тәжірибелі заңгерлер мен құқық қорғаушылардан құрылған ұжым мемлекеттен қаржыландырылмайды. Сондықтан қоғамдық бірлестікке деген халықтың сенімі артып, «1463» call-орталығына 620, adildik.kz сайты арқылы – 376, жеке қабылдау кезінде 4398 өтініш тіркелген.
Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button