Жарнама
Құқық

Әдеп кодексі – мемлекеттік қызметтің айнасы

Мемлекеттік қызметші тек өзіне жүктелген міндетті атқарып қана қоймай, қоғамға үлгі боларлық әдебі мен мінез-құлқымен ерекшеленуі тиіс. Осы орайда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, заң талаптарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру – Әдеп жөніндегі уәкілдің басты міндеттері саналады.

0a8d58bf bb59 4b9f bf29 91b9feaffd8a

Атырау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Зоя Сапарова мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлермен кездесіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әдеп кодексінің негізгі мақсаты – мемлекеттік аппараттың беделін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік тәртіпке селқос қарауға жол бермеу. Бұл құжат мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен жауапкершілік деңгейін айқындайтын басты бағдар болып отыр.

Мемлекеттік қызметші өзінің сырт келбетімен де, қарым-қатынас мәдениетімен де мемлекеттік органдардың беделін нығайтуға үлес қосуы қажет. Іскерлік стиль, ұстамдылық пен ұқыптылық – қоғам алдындағы сенім мен құрметтің кепілі.

Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларына қойылатын талап күшейіп келеді. Әрбір маман Әдеп кодексін, сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарды қатаң сақтап, халыққа адал қызмет етуді басты қағидаға айналдыруы тиіс.

Әдеп – мемлекеттік қызметтің айнасы. Ал осы талаптарды мүлтіксіз орындау – қоғам сенімін нығайтып, мемлекеттік аппараттың беделін арттыра түсері сөзсіз.

Альбина ҒАЛИЕВА,
Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button