Жарнама
Құқық

АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚ!

— Алаяқтық қылмыстар көбіне ақша қаражаты мен ұялы телефондарға қатысты орын алып жатады. Одан кейін көлік құралдары, зергерлік бұйымдар мен асыл металдар, техника, құжаттар, соның ішінде жылжымайтын мүлік құжаттары, азық-түлік тауарлары қылмыстың негізгі нысаны болып табылады, — дейді қала прокурорының көмекшісі.

Прокурорлар алаяқтардың жемтігін қолға түсіру үшін неше түрлі айла-әрекетке баратынын айтады. Соңғы кездері адамдарды телефон арқылы алдап, жеке есепшотына ақша аударып алатындар көп екен. «Мемлекеттік бағдарлама бойынша кезектен тыс пәтер алып беремін» деп баспананың тауқыметін тартып жүргендерді еріксіз дәмелендіретіндер де аз болмай шықты. «Мұның бәрі – тұрғындардың кейбіреуінің заңгерлік сауатсыздығынан орын алып жатқан жағдай» дейді прокуратура өкілі.

Заңның сақталуын қадағалаушы орын жұртшылықты алаяқтардан сақтандыру мақсатында біраз іс-шара өткізіпті. Жергілікті полицейлермен бірлесіп, «Рахат», «Дина», «Көктем», басқа да сауда орындарында халықты жинап, түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Қазақ және орыс тілдерінде аталған қылмыс түріне тосқауыл қоюға арналған хабарлама, парақшалар таратыпты. Мұның бәрі –көпшілікті мейлінше кеңінен тарту мақсатында қолға алынған шаралар. «Алаяқтар адамның адал еңбегімен жиған-тергенін оп-оңай алып кетуі мүмкін. Сондықтан, байқамаса болмайды» дейді заңгерлер.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button