Жарнама
Құқық

5 миллион теңге айыппұл арқалады

Атырауда сұйытылған мұнай газын сақтау паркіне 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің ақпаратына сүйенсек, ҚР Табиғи монополия туралы заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті. Алайда, «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС тарапынан бұл талап сақталмаған.

«Аталған серіктестіктің реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша 2021 жылға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есебін талдау кезінде бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда жылжымалы құрам өтуi үшiн кiрме жолды беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге бекітілген тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударым қаражатын мақсатсыз пайдаланғаны анықталды. Тұтынушыларға қайтару сомасы (Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып) 412,058 мың теңгені құрады. Бұл қаржы тұтынушыларға қайтарылды», -деп мәлім етті аталған департаменттен.

Осы дерекке байланысты «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 164-бабының 4-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылып, 4 млн 900 мың 800 теңге көлемінде айыппұл салынған. Серіктестік айыппұлды қысқартылған өндірісте көрсетілген соманың елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішінде төлеген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button